Жатақхана – менің үйім

Орал «Сервис» технологиялық  колледжі  жанындағы жатақханасында  «Жатақхана – менің үйім» атты  тұрғындарымен  жиналыс  өтті.  Мақсаты: жатақхана тұрғындарын  ішкі ережелерімен таныстыру, студенттік кеңес мүшелері сайлау, жылдық жоспарды бекіту.  Жиналысқа  ОПБ қызметкері  Набиденова Г.К. қатысты.  Студенттік кеңес мүшелері өткен оқу жылын қорытындылап, ағымдағы оқу жылында түрлі шаралар өткізуге ұсыныс  тастады. Ішкі ережелер мен әкімшілік жауапкершілік  туралы полиция қызметкері  Гулдана Қайратқызы  хабарлады. Жиналыс өз шешімін шығарды.