Жұмысшы мамандықтар жылы

♻️Орал “Сервис” колледжінің 65 жылдығына орай арнайы пәндер оқытушысы Пак Н. В.”макраме техникасында сәндік сымнан білезік жасау”тақырыбында мастер-класс өткізілді,мастер-класс мақсаты қатысушыларды макраме тарихы мен техникасымен таныстыру, негізгі түйіндерді үйрету және өз қолдарымен стильді білезік жасау.Атмосфера шығармашылық және жайлы болды.Қатысушылар макраме техникасын үйрену бойынша сабақтарды жалғастыруға қызығушылық білдірді.

🔰Кәсіби бағдар беру🔰
“Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында, кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда. Колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлері қаламыздың №13 мектебіне көрме ұйымдастырып, колледж туралы ақпарат беріп келді.

🔰 «Сәттілік жолы» челенджі!
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануына орай Орал Сервис технологиялық колледжінің түлегі, БҚО Аспаздар қауымдастығының төрағасы, «Alty Nur» мейрамханасының иесі, бизнесмен Молдашев Алтынбекпен @povar_aziz07 (Азиз атымен танымал) сұхбатымызды ұсынамыз!

🔰Орал «Сервис» технологиялық колледжінде 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары шенберінде «|Еңбек адамы» моделін танымал ету мақсатында «Өз ісінің шебері» атты колледждің өндірістік оқыту шебері О.Г.Егорованың галереясы жасақталды. Цифрлық экранда О.Г.Егорованың еңбек жолының негізгі белестері бейне таспа арқылы көрсетілсе, «Тігінші», «Арнайы тігінші», «Модельер-пішуші» (жұмысшы мамандықтар) біліктіліктері бойынша түлектерінің және оқып жатырған студенттерінің жұмыстарынан жасақталған галлереяны колледж қызметкерлері мен студенттер 3 апта бойы тамашалайды.

2025 жылдың 20 қаңтары мен 31 қаңтары аралығында Орал «Сервис» технологиялық колледжінің 65 жылдық мерейтойын тойлау шенберіндегі жоспарына сәйкес ашық сабақтар шеруі өтті. Ашық сабақ – әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың маңызды нысандарының бірі, сонымен қатар озық тәжірибені тарату және насихаттау нысаны, педагогтің әдістемелік жұмысының нәтижесі.
​Іс-шараның мақсаты – педагогикалық тәжірибені тарату және насихаттау, білім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық мәселенің шығармашылық шешімін табу. Ашық сабақтар шеруіне тәжірибелі педагогтер қатысты- «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Шаштараз өнері» мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері және жалпы білім беретін пәндер оқытушылары. Сабақ барысында педагогтер АКТ-ны, сонын ішінде жасанды интеллектті пайдалана отырып, әртүрлі технологиялар мен оқыту әдістерін көрсетті. Сабақ соңында педагогтер өзара пікір алмасып, қолданылып жатқан оқыту әдістері мен технологияларының тиімділігін, оның білім сапасына тигізетін әсерін саралады.

🔰2025 жылдың 24-ші қаңтары Жоғары аграрлық-техникалық колледж базасында «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай облыс әкімі Н.Төреғалиевтің төрағалығымен кеңейтілген отырыс және көрме ұйымдастырылды. Колледж туралы ақпаратпен басшымыз Искалиева Айгуль Бисенбаевна таныстырып, көрмеге әлеуметтік серіктестерден БҚО дизайнерлер мен сәнгерлер қауымдастығының төрағасы Сырымова Асем Кенжебаевна, ЖШС “AUA Group” Barrel гастробар бас аспазы Герасимович Андрей Константинович қатысып облыс әкімінің қойған сұрақтарына жауап берді. Шара барысында “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу”, “Шаштараз өнері”, “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандықтары бойынша шеберлік класстар көрсетті.

“Жұмысшылар мамандықтар жылы”
🔰Кураторлық сағат🔰