Колледждің миссиясы мен стратегиясы

Миссия: Жаңа әлемдегі Қазақстан Республикасының экономикасы мен өндірістік әлеуетіңің деңгейін арттыра алатын, жоғары деңгейде теориялық және практикалық дағдылары бар, жеке сапаларға ие, бәсекеге қаблетті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандар даярлау.

Колледжді дамытудың стратегиялық жоспары келесі мақсаттарды анықтайды:

  • болашақ мамандардың рухани, интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау;
  • колледждің басым білім беру бағыттарын дамыту және кеңейту (жаңа мамандықтар ашу);
  • дуалды білім беруді дамытудың кәсіби стандарттары негізінде жасалған жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыру;
  • еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, мамандарды даярлау сапасын арттыру;
  • колледж миссиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық-техникалық базаны нығайту;
  • Орал «Сервис» технологиялық колледжінің республикалық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Стратегиялық мақсаттарға жету үшін келесі негізгі бағыттар мен міндеттер белгіленді:

  • №1 бағыт. Сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, жұмыспен қамту. Міндеті: бәсекеге қабілетті кадрлар мен сервис мамандарының білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету. №2 бағыт. Адами ресурстарды дамытуМіндеті: инженер- педагогтердің , әкімшілік-басқару персоналдың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.
  • №3 бағыт. Инфрақұрылымды, материалдық-техникалық базаны дамыту және цифрландыру. Міндеті: колледждің материалдық-техникалық базасын қайта құру және нығайту, сапа менеджменті жүйесін жетілдіру, ақпараттық жүйені және желілік инфрақұрылымды дамыту.
  • №4 бағыт. Әлеуметтік серіктестікті дамыту Міндеті: кәсіптік білім берудің мазмұнын қазіргі заманғы ғылым мен кәсіптік технологияның даму деңгейіне сәйкес жаңарту, өндірістік практикаға арналған жұмыс бағдарламаларын жасау, базалық ұйымда практикалық сабақтарға әдістемелік қолдау жасау
  • №5 бағыт. Жастармен жұмысты дамыту Міндеті: маман мен азаматтың, патриоттың, тарихи үдерісті жасаушының және адами капиталдың маңызды сипаттамалары ретінде өзін-өзі жүзеге асыратын тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
  • №6 бағыт. Қаржылық тұрақтылық Мақсаты: Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, қосымша көздерді тарту.
  • №7 бағыт. Мониторинг. Міндеті:колледжде жүзеге асырылып жатқан мамандықтар бойынша оқу процесінің жағдайы мен мамандарды даярлау сапасын жүйелі және кешенді зерттеу; барлық кезеңдердегі білім беру процесінің шарттары, ұйымдастырылуы, мазмұны және нәтижелері туралы сенімді және объективті ақпарат алу; зерттеулердің бақылау механизмін құру.