Терроризммен күрес

Орал «Сервис» технологиялық колледжінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

Бүгін 11.02.2020 жылы Орал «Сервис» технологиялық колледжінде оқытушылар және қызметкерлер құрамымен «Террорлық қауіп төнген кездегі халықтың іс-әрекеті» тақырыбында нұсқаулық сабақ өткізілді. Сабақты Дене шынықтыру оқытушысы А. М Клышев пен АӘД оқытушысы М.Е Сатангалиев жүргізді.

Сабақтың мақсаты колледж қызметкерлеріне экстремизм және оның түрлері туралы, терроризм және қауіптілік деңгейлері туралы мағлұмат беру. Жарылғыш заттардың қойылуы мүмкін жерлерді көрсету сондай –ақ күдікті затты тапқан кезде полиция және ҰҚК телефон шалуға міндетті екені және қандай сақтық шараларын жүргізіу керектігі туралы түсінік беру.