Бос орын

Орал «Сервис» технологиялық  колледжі  педагогтердің бос лауазымына конкурс жариялайды:

  1. Басшының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары – 1 бірлік. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы сәйкес лауазым бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; немесе білім беру ұйымының “үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” біліктілік санатының болуы. Жалақысы  – 218000- 256000 теңге.
  2. «Аспаз» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері (оқыту орыс тілінде) – 1 бірлік. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім; сәйкес салада кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды; біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.  Жалақысы –  134000-149000теңге.

           3.Педагог – психолог – 1 бірлік. (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезеңіне). Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім “Педагогика және психология”, “Әлеуметтік ғылымдар” (“Психология” білім беру бағдарламаларының тобы) кадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде – 3 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог-шебер үшін – 5 жыл.

        4.Сурдоаудармашы (аудармашы-дактилолог) (орыс тілінде) – 1 бірлік. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. педагог-шебер үшін-5 жыл.

Қажетті  құжаттар  тізімі:

–           конкурсқа  қатысу туралы өтініш;

–           түйіндеме;

–           жеке куәлік көшірмесі;

–           білімі, біліктілігі туралы  құжаттар көшірмесі;

–           еңбек кітапшасының көшірмесі;

–           кадр есебі жөніндегі жеке іс – парақ;

–           медициналық анықтама, медициналық кітапша;

–           сотталмағандығы туралы анықтама;

–           психикалық есепте тіркелмеген анықтамасы;

–           наркологиялық есепте тіркелмеген анықтамасы;

–           сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны не жасамағаны туралы мәлімет;

–           вакцинациялау паспорты.

–           Сертификаттан өту нәтижелері туралы сертификат немесе санаты туралы куәлік

–           бағалау парағы

–           фотосурет-2 дана 3х4