Жас маман мектебі

Бүгін 2022 жылдың  мамыр айының 17-і күні  Орал «Сервис» технологиялық колледжде оқу –әдістемелік бөлімнің жоспарына сай «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» атты жас мамандар апталығы мен «Ғылым өмірге қызмет етеді» жаратылыстану- математика пәндік әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жабылуы өтті.  Шараға колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері және 1  курс студенттері қатынасты. Жас мамандар жыл  бойына өткізген жұмыстары мен әдістемелік жинақтарын қорытындылап, есебін берді. Шара барысында студенттер де белсенділік танытып, викториналық танымдық сұрақтарға жауап берді. Колледж басшысы А.Б.Искалиева шараны қорытындылап, жас мамандар мен онкүндікке белсенді қатынасқан студенттерге алғыс хаттар мен марапаттаулар табыс етті. Колледж басшысы А.Б.Искалиева болашақ жас мамандарға ұстаздық еңбек жолдарына шығармашылық табыстар мен  сәттіліктер тіледі.