Методикалық нұсқаулық

Контентті толтыру бойынша методикалық нұсқаулар

Пандемия кезеңінде ТжКБ ұйымдарындағы қашықтықтан білім беру технологиясының қолданылуы мен оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқауларда,ТжКБ ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үдерісі келесі схема бойынша жүзеге асырылады:

  1. оқу-әдістемелік материалдардың дайындалуы
  2. онлайн сабақ өткізу
  3. студенттердің өзіндік жұмысы оффлайн режимінде
  4. студенттердің үлгерімін бақылау

Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау белгілі бір оқу кезеңінде пән/модуль бойынша қашықтықтан оқыту курсын әзірлеуді көздейді.

Қашықтықтан оқыту курсы – бұл қашықтықтағы өзара байланысты электрондық білім беру ресурстары мен білім беру мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін үдерістердің кешені. Қашықтықтан оқыту курсы пән/модуль бойынша оқу материалын меңгерудің белгілі бір дәрежеде толық әзірленген қадамдық нұсқаулығы болып табылады.

Қашықтықтан оқыту курсының мазмұны қашықтықтан оқыту технологияларына көшуге байланысты енгізіген өзгерістердің ескерілуімен оқу жоспары мен пән/модуль бағдарламасына сай болуы керек.

Ақпараттық блок теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады.

1.Теориялық бөлімге жатқызылады:

  1. лекция конспектісі;
  2. презентациялар;
  3. оқу құралы;
  4. .электрондық оқулық, бейнесабақ;
  5. қосымша ақпарат беру көздері және т.б.

1.1. Дәріс конспектісі.

  • Дәріс – оқытушының слайдтар мен фильмдерді қолданып, оқу материалын ауызша, монологиялық, жүйелі түрде берілуін көрсететін оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы.
  • Дәріс құрылымы төменгі элементтерден тұрады:
  • кіріспе – кіріспе бөлім, дәріс тақырыбы, дәріс мақсатын тұжырымдау, дәрісте қаралатын негізгі сұрақтардың атауларынан тұратын дәріс жоспары, ұсынылатын әдебиеттер сипаттамасы;
  • негізгі бөлім – негізгі мәселерді ашу – дәрісті ұсынылған жоспарға сай беру. Дәріс тақырыбын ашатын концептуалдық және фактілік материалдар, талдау мен бағалау, теориялық ережелердің аргументациясы мен дәлелдемелерінен тұрады;
  • қорытынды бөлім – дәрістің жалпы қорытындысын шығару: материалды қорытындылау, дәріс тақырыбы бойынша қорытынды тұжырым.

1.2. Презентациялар.

Презентацияларды ресімдегенде төмендегілерді сипаттайтын 2 ереже блогын бөліп көрсетеді :

  • ақпаратты ұсыну;
  • слайдтарды ресімдеу.
  • ақпаратты ұсынудың көлемі мен формасы:
  • материалды берудің қысқаша, ақпараттық тәсілі ұсынылады;
  • бір слайдты үлкен көлемдегі ақпаратпен толтырмаңыз, адам орташа есеппен алғанда үш факті, анықтама, қорытындыны жаттай алады,
  • бір слайд-презентация орта есеппен 1,5-2 минутқа есептеледі,
  • слайдта бір-бірін толықтыратын әртүрлі типті ақпараты(мәтін, графиктер, диаграммалар, кестелер, суреттер) бар блоктардың болғаны жөн;
  • тақырыптары қысқа және аудиторияны қызықтыратындай болуы керек,
  • маңызды фактілерді иллюстрациялау үшін суреттер, диаграммалар, сызбалар қолданылады,
  • презентация бірыңғай стильде болып, бір шаблонға негізделуі керек;
  • студияда жасалған презентацияда негізгі түс пен шрифт түрінің 3-тен көп болмауы (бір слайдта үш негізгі түсті қолданған жөн: бірі фон, екіншісі тақырып, үшіншісі мәтін үшін).
  • мәтін түсі слайдтардың фонына қарама-қайшы болуы қажет,
  • фон -артқы (екінші) элемент болып табылады, слайдтағы ақпаратты бөліп көрсетеді
  • мәтіндік ақпарат үшін ұсынылады:
  • презентацияның ықшамды түрде берілуі, мәтіннің максималды ақпараттылығы: қысқа конспектілер, тезистер, күндер, атаулар, терминдер – анықтамалық конспекттің негізі,
  • тұтас мәтіннің орнына нөмірленген және маркерленген тізімдерді қолдану,
  • тақырыптар үшін шрифт өлшемдері:
  • кемінде 32 пункт және 50-ден көп емес, оңтайлы – 36 пункт; негізгі мәтін үшін – 18 пунктен кем емес және 32-ден көп емес, оңтайлы – 24 пункт;

1.3. Оқу құралы – оқу бағдарламасында және оқулықтарда берілген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және жақсы игеруге арналған оқу құралы, білім беру құралдары. Оқу құралдары – бұл оқуға арналған кітаптар, хрестоматиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, шет тілдерінде бейімделген баспа мәтіндері, тапсырмалар мен жаттығу жинақтары, өзіндік практикалық сабпқтарға арналған әдістемелік нұсқаулықтар, баспа негізіндегі дәптерлер және т.с.с. Негізгі оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану кезінде міндетті түрде тақырып, тарау, абзац, бетті көрсететін сілтеме жасау керек.

1.4. Электрондық оқулық дегеніміз пән бойынша ақпарат мәтін, сурет, видео, аудио, анимация және басқа да графикалық құралдар түрінде ұсынылатын
электрондық оқыту курсы. Байланыстар мен ізденістердің дамыған жүйесі оқулықтағы бір бөлім немесе үзіндіден басқасына өтуге мүмкіндік береді. Материалдың қаншалықты меңгерілгендігін интерактивті тапсырмаларды орындау арқылы бірден білуге болады. Электрондық оқулықтың online- және offline нұсқасы болуы мүмкін. Оны CD-ге немесе басқа құралға жазып қоюға немесе Интернеттегі веб-сайтқа орналастыруға болады. Бейне сабақ – бұл сабақтың үзіндісі ғана, оның барысында оқушы ақпараттар түрін цифрлық тасымалдағыш арқылы алады, оны қабылдауға және оны практикада жеткілікті түрде қолдануға үйренеді. Бейнесабақ – зерттелетін пәнге деген қызығушылықты арттыратын және нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік беретін әдіс.Ең бастысы, мұғалім видео үзінділерді сабақтың мағыналық мазмұнына және оқушылармен оқылатын материалға сәйкестендіріп таңдау қажет.

1.5. Қосымша ақпарат көздері дегеніміз әр түрлі ақпарат көздері: баспа, электронды, интернет-ресурстар, БАҚ және т.б. Практикалық бөлімге мыналар енуі мүмкін: 1. тапсырмалар 2. жаттығулар (тренингтер) 3. рефераттар және т.б.

2.1. Тапсырмалар. Оқу тапсырмасын құрастыру кезінде: -күтілетін нәтижелер немесе сабақтың мақсаты сабақ жоспарының маңызды бөлігі болып табылады, өйткені олар сабақ тиімділігін бағалаудың негізгі критерийі болып табылады – студенттерде пән/модуль бойынша негізгі түсініктерін қалыптастыру үшін тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін таңдау және құрастыру, – тапсырмалар әр студент үшін айқын және түсінікті болуы керек; – оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыру үшін жеткілікті дәрәжеде тапсырмалар әзірлеу қажет; – оқушылардың жеке қабілеттері (мүмкіндіктері) Блум таксономиясы бойынша белгілі деңгейге жетуге мүмкіндік беретінін түсіну.

2.2. Қашықтықтан оқыту аясында студенттердің өз бетімен жұмыс жасау формалары:
Жазбаша жұмыстар (баяндамалар, рефераттар, эсселер):

  • баяндама түрлері: ауызша баяндама – орындалған жұмыс қорытындысы негізінде оқылады және нәтижелерді түсіндірудің тиімді құралы болып табылады; қысқа жазбаша баяндама – зерттеу барысында алынған ең маңызды ақпаратты жинақтайды; егжей-тегжейлі немесе толық баяндама тақырыптартар мен мәтіндік құрылымнан ғана емес, сонымен қатар диаграммалар, кестелер, суреттер, фотосуреттер, қосымшалар, түсіндірмелер, сілтемелер, гиперсілтемелерден тұрады.
  • реферат түрлері: жалпыланған түрде берілген ақпараттар, иллюстративті материалдар, зерттеу әдістері, зерттеу нәтижелері және оларды қолдану мүмкіндіктері туралы мәліметтерден тұратын реферат-конспект; – осы тақырыптың негізгі ережелерін ғана қамтитын реферат-резюме; – осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарастарды салыстыратын бірнеше дереккөздер негізінде құрастырылған реферат-шолу; – проблеманың объективті түрде бағалануын көрсететін реферат-баяндама,– реферат – үзінді бастапқы дереккөз болып табылатын , оның ақпараттық мәнін бейнелейтін немесе рефераттау міндетіне сәйкес келетін бөлікті, бөлімді немесе үзіндіні бөліп алуға болатын жағдайларда құрастырылады;
  • эсселерді жіктеу: мазмұны бойынша: философиялық, әдеби-сыни, тарихи, көркем, көркем- публицистикалық және т.б.; – әдеби форма бойынша: рецензиялар, лирикалық миниатюралар, жазбалар, күнделік беттері, хаттар және т.б.– сипаттау, баяндау, рефлексиялық, сыни, аналитикалық және т.б. бағытындағы эсселер деп бөлінеді.

Тест тапсырмаларын құрастыруға қойылатын талаптар Аванесов (Аванесов Вадим Сергеевич, педагогика ғылымдарының докторы, профессор) бойынша педагогикалық тест тапсырмаларының негізгі формаларына келесі тапсырмалар жатқызылады: Бір немесе бірнеше жауапты таңдау; ашық форма; сәйкестілік; реттілікті дұрыс орнату. Тест тапсырмаларын құрастыруға қойылатын жалпы талаптар: Тапсырманың дұрыс тұжырымдалуы. Жауаптағы екі ойлылықты болдырмай, анық, нақты, айқын түрде тұжырымдалуы керек. Тест тапсырмаларын қысқаша құрастыру 5-10 сөз (Аванесов бойынша – 3-5 сөз, Челышкованың айтуы бойынша – 7-8 (сирек жағдайда – 10-12)). Тапсырманың ықшамды, қысқаша түрде берілуі. Тест тапсырмасы расталған түрде тұжырымдалуы керек. Түсінік құрамына кірмейтін элементтер тізімі арқылы анықталмайды. Тапсырмада сұраулы сөздердің келесі болмауы. Тест тапсырмалары нені, қайда, қашан, неге және т.б. деген сөздерден басталмауы қажет. Жауап нұсқаларының оңтайлы саны – 4-8 (Аванесов бойынша – 6-8). Барлық таңдау элементтері (жауап нұсқалары) шынайы тұжырымдамалар болып табылады.
Келесі жауап нұсқаларын қолдануға жол берілмейді: өйткені дұрыс жауаптар жоқ, барлық жауаптар дұрыс. Әдебиеттер: 1. Захарова Е. В. Пути оптимизации самостоятельной работы студентов в вузе / Е. В. Вахарова // Изв. РГПУ им. А. И. Герцена. Аспирантские тетради. 2007. № 3. с. 281–284. 2.Самостоятельная работа студентов: виды, формы, критерии оценки. Учебное пособие под общей редакцией Т. И. Гречухиной, А. В. Меренкова. Екатеринбург: Изд-во Урал. ун-та, 2016. – 80 с. 3.Гатовская, Д. А. Видеоурок — новый метод обучения / Д. А. Гатовская. — Текст: непосредственный // Педагогика: традиции и инновации: материалы VI Междунар. науч. конф. (г. Челябинск, февраль 2015 г.). — Челябинск: Два комсомольца, 2015. — С. 126-127. — URL: Интернет- ресурсы:

  • 1.https://moluch.ru/conf/ped/archive/147/7124/
  • 2.http://kasipkor.kz/?page_id=9668&lang=ru
  • 3.http://cdesbmt.blogspot.com/2017/10/blog-post.html