«Студенттік holiday» атты І курс білім алушыларын студент қатарына қабылдау кеші өтті

Article Image

17-қараша күні халықаралық студенттер күніне орай колледжде «Студенттік holiday» атты І курс білім алушыларын студент қатарына қабылдау кеші өтті. Кеште халықаралық студенттер күні тарихы, тойлануы, студенттер өмірінен әзілдер, көңілді әндер, билер орын алды. Колледж басшысы А.Б.Искалиева жазғы қабылдау комиссиясының қорытындысы бойынша үздік болып табылған қабылданушылар Е.Пучков  пен  А.Ғаллымоваға билет пен үлгерім кітапшасын табыс етті. І курс студенттері ант қабылдады. Кеш әуенді би кешімен жалғастырылды.