3W07230102 – Арнайы тігінші

Біліктілігі анағұрлым жоғары маман. Тігінші эскизден бастап дайын өнімге дейін киім мен аяқ киім жасау бойынша барлық жұмыс түрлерін орындайды. Бұл тігін мамандығының мамандары әйелдер мен ерлердің ассортиментіне, сондай-ақ жеке тігуге мамандандырылған. Киім жасаудан басқа, тігінші затты үйлесімді және техникалық тұрғыдан дұрыс жөндей алады немесе реттей алады. Олар техникалық шарттарға сәйкес жеке тапсырыс бойынша бұйымдарды тігу бойынша барлық жұмыс түрлерін, киімді жаңарту бойынша жөндеу жұмыстарын орындайды, әртүрлі тігін жабдықтарында жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, қолданылатын материалдардың қасиеттеріне байланысты өңдеу тәсілдері мен режимдерін таңдайды, Орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз етеді.