«Патриотизм сабағы» атты апталық өтті.

Article Image

08.02.-12.02.2021 ж аралығында Орал «Сервис» технологиялық колледжінде Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Патриотизм сабағы»атты апталық өтті.

08.02. Апталық шаралар ашылуы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған Даңқ тақтасынан басталды. Колледж студенттері БҚО-нан аттанып, оралмаған жауынгерлердің ерліктерімен танысып, тәрбие сағаттарында фильмдерді талқылады.

09.02. І курс студенттерінің арасында «Алау» әскери-эстафеталық жарыстар өтті. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

10.02. Инстаграм парақшасында «Тікелей эфирден» колледж АӘД жетекшісі М.Е.Сатангалиевтің басқаруымен «Ауған соғысы тарихынан» атты шара ұйымдастырылды.

11.02. «Ауғанның от-жалыны» тақырыбында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына арналған кездесу кешіне М.Ж.Есбулатов- Қызыл жұлдыз ордені иегері, М.А. Нурканов -Орал қаласының Ауған соғысы ардагерлер одағының мүшесі, А.В.Боровский – БҚО Ауған соғысы ардагерлер одағының мүшесі қатысты. Кездесу І курстар арасында акт залда өтті және инстаграм парақшасында «Тікелей эфирде» барлық колледж студенттері қатысты.

12.02. Апталық қорытындысында шараларға белсенді қатысып, жеңімпаз атанған студенттер марапатталды.