Өзін- өзі басқару ұйымының сайлау отырысы

Орал «Сервис» технологиялық колледжінде студенттік өзін- өзі басқару ұйымының сайлау отырысы оздырылды. Отырысты жастар ісі жетекшісі Мукашев С. басқарды. Отырыс ҚР гимнін орындауымен басталды. С.Мукашев сайлауға 1-3 курс белсенділері қатысып, сайлау алды бағдарлаалаымен таныстырып, іріктелгені туралы айтты. Отырыста өзін-өзі басқару комитеті мүшелерінің мақсат-міндеттерімен, үміткерлердің жоспарлармен таныстырылып, әр үміткердің бағдарламалары тындалды.

Дауыс беру нәтижесінде өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы Рау Дениза – 2 курс студенті, орынбасарлары Шайфутдинова Рената мен Анескали Гүлім жеңіске жетті. Дауыс санау процесіне колледж басшысының ТЖО М.Нурмукашова, жастар ісі инспекторы С.Балмаш қатысты.

Отырысқа қатысушылар өз ойларын ортаға салып, жаңадан сайланған өзін- өзі басқару комитетіне колледж студенттерінің алдынғы қатардан көрінуіне еңбек етуге тілек білдірді.  Серік Мукашев қатысушыларды бірлікке, ауызбіршілікке жетелейтін тренинг ұйымдастырды.