Орал «Сервис» технологиялық колледжінде 22.11-30.11.2021ж аралығында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар өтті.

Шаралар  «Еліне қамқор -Елбасы» атты кітаптар мен суреттер көрмесінен басталды.(ұйымдастырушы кітапхана менгерушісі А.Е.Ильясова). Көрмеге Елбасының шығармалары, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы мақалалар, шығармалар орнатылды.

Студенттердің өз құқықтарына, 30-жыл бойы құқықтық заңнамалардағы өзгертілулеріне арналған  «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»  дөнгелек үстелмен  жалғасты. (ұйымдастырушылар Балмаш С.С., Мукашев С, Куаншалиева Л.Т.)

24.11.2021ж №22 топ студенттері І курс студенттері арасында 1-желтоқсан –Тұңғыш Президенті күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты интелектуалды викторина өткізді. Сайысқа №16топ «Алаш орда», «Нұр»- -20 топ, «Қыран» -22топ, «Отан» 3топ, «Алтын адам» -33 топ студенттері бақтарын сынасты. Сайыс екі турдан құралды. І тур- «Сен білесің бе?» атты Тұңғыш Президенттің өмір жолы, жетістіктері, хоббиі, еңбегі,  жұмыстары, шығармашылығына арналды. ІІ тур «Мақалды аяқта» – мақалдардың жалғасын тауып, мағынасын түсіндіруге арналды. Сайыс қорытындысы автоматты түрде белгіленді. Қортындысында І орын – №22 топ, 26 бал,

ІІ орын №20 топ, 24 балл, ІІІ орын №16 топ, 18 балл жинап жеңімпаздар атанды.

25.11.2021 ж Орал «Сервис» технологиялық колледжінде қазіргі таңда қоғамда орын алған тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы «Зорлық –зомбылыққа қарсы күрес жолдары» атты тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Талшынай Жүніс Орынбекқызы және орталық маманы Кусесова Перизат Ұзақбайқызымен кездесу өтті. Кездесуге сонымен қатар қалалық М.Горький атындағы  кітапхананың №8 филиалының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында қонақтар  тұрмыстық зорлық- зомбылық түрлері,  оған  қарсы күрес жолдары, қоғамда ағарту жұмыстары туралы көптеген мәселелер айтылды. Өмірден мысалдар келтірілді, студенттерге жағжаяттар ұсынылып, пікір алысты. Кездесу соңында сауалнама жүргізілді.

25.11.2021ж. колледж жатақханасы тұрғындарының арасында тәрбиешілер  Р.Г.Джакупова мен  Гумарова А.М. ұйымдастыруымен “Ұлттық тағамдар күні” жобасы аясында  “Еуропа елдері асханасы” тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған шара өтті.  Шара міндеті жатақхана студенттік ұжым қалыптастыру, еңбекқорлыққа, бірге жұмыстануға тәрбиелеу. Сонымен қатар, студенттерді дұрыс тамақтануға, еуропалық асхананы сыйлауға, дайындауға, ағылшын тілін үйренуғе, біліуге дағдыландыру. Қатысушыларға жеміс-жидектердің суреттері бар карточкалар табысталды. Тапсырма бойынша берілген суреттер арқылы ағылшын тілінде сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру. Барлық қатысушылар белсене араласты. Сонында студенттер өз сүйікті тағамдар туралы ойларын ортаға салды. Ағылшын этикеті туралы білгендерін айтты. Өз қолдарымен дайындаған тағамдарын ұсынды. Кеш қызыты өтті.

29.11.2021ж ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасының көшбасшылық жолдары» атты әдеби-танымдық кеш өтті. (дайындағандар Гумирова А.Е., Кожамуратова Л.С.) Мақсаты білім алушыларға Елбасының тәуелсіздік кездердегі елге атқарған жұмыстары, ел жетістіктері, Елбасына арналған шығармалар, Н.Назарбаевтың шығармалары туралы ақпарат берілді, Елбасының сүйікті әндері орындалды. Білім алушылар Утегенов А. мен Ахметов Д  «Көк тудың желбірегені», » № 28 топ қыздары «Алға, қазақ жігіттері, «Мен қазақтың қызымын» 15 топ студенті Бердіғали Аяулым, «Жаса, Қазақстан» Каженова Жанерке көрермендерге тарту етті. Топ мүшесі Нұрғали Диана Елбасына арналған «Елбасымен мақтанамын» арнауын оқыды.

30.11.2021ж   Тұңғыш Президент күніне орай “Менің елім-достық мекені” атты әдеби-танымдық кешті  өндірістік оқыту шебері Кажмулдина Н.С. мен Саханова К.Х. № 10 топ студенттерімен дайындады. Кеште Н.Назарбаетң өмірбаянынан слайдтар дайындалды, студенттер елбасының өмір жолы, еңбек кезеңдерінен ақпараттар дайындады. Кеште студенттердің өздері дайындаған «Тәуелсіздік» Тлеген М., “Елін сүйген, елі сүйген Елбасы” Сариева Д. арнауларын оқыды. Кеш қонақтары Орал саз колледж студенті Есқайыров Бахтияр “Балбырауын”, “Атырау” күйлерін орындады. №20 топ студенті Бек Айгерім  Н.Назарбаевтың сүйікті әндерінің бірі – “Весна на заречной улице” әнін орындады.

№10топ студенттері “Туған жер”, №22 топ студенті Шайфуддинова Рената “Калинка” биімен, №15топ студенті Бериккалиева Аяулым “Тәуелсіздік ” №28 топ студенті Каженова Жанерке  “Жаса Қазақстан “әндерімен көрермендердің зор ықыласына иеленді.

Колледж жатақханасы тұрғындары Тұңғыш Президент күніне орай «Небо моего детства», «Балалық шағымның аспаны» фильмдерін тамашалап, талдады, соңында викторина жүргізілді. Жеңімпаздар тәттілермен марапатталды.