Облыстық колледжаралық «BABYSKILLS» чемпионаты өткізілді

Article Image

        Бүгін 2021 жылдың  қараша айының 26- ы күні   Орал жоғары гуманитарлық -экономикалық колледжі базасында алғашқы  ұйымдастырған облыстық колледжаралық  «BABYSKILLS»  чемпионаты өткізілді. Чемпионаттың мақсаты мен міндеті мектепке дейінгі балаларды ерте кәсіптік бағдарлау бойынша кәсіби дағдыларға баулу,мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау және қолдау. Мамандық туралы алғашқы түсініктерді бекітіп, болашақ мамандықтарын таңдауға қызығушылықтарын оятуды көздейді. Чемпионатқа  колледждың  “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығынан 2 курс студенттері М.К.Өмірбекова, А.Т.Қуат «Кондитерлік іс»  құзыреттілігі  (Р.М. Курмангалиева, М.М.Скендирова) және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»  мамандығынан

2 курс студенттері И.Е.Аймагамбетова, Ж.Қ.Хамидуллина, Д.М.Искакова «Киім және аксессуарлар дизайны» құзыреттіліктері бойынша бақ сынасты. (жетекшілері Г.Р.Тагибергенова) Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі I,II орын алып диплом мен Алғыс хатпен марапатталды.