Колледждегі діни бағытты ұстанатын қыз балалар арасында діни сауаттылығы сағаты өтті

27.10.2021ж колледждегі діни бағытты ұстанатын қыз балалар арасында діни сауаттылығы сағаты өтті. Мақсаты қыз балаларға  қазіргі кездегі салт – дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай – ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу, дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру. Шараға діни орталықтың теолог  маманы Адайхан Бағдат Қанатұлы қатысып, діни наным – сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой – өрісі мен дүниетанымын кеңейту туралы  нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірді.
Кері байланыста қатысушылар қойған сұрақтарына жауап алды.