Колледж жанындағы жатақханасында тәрбиешілер Р.Г.Джакупова мен А.М.Гумарова дәстүрлі “Ұлттық тағамдар күні” өткізді

Колледж жанындағы жатақханасында тәрбиешілер Р.Г.Джакупова мен А.М.Гумарова дәстүрлі “Ұлттық тағамдар күні” өткізді. Мақсаты: жатақхана тұрғындарын әр ұлттың дастархан мәзірімен, дастархан салт-дәстүрімен таныстыру,тұрғындарды татулыққа, достыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу. Шараға қатысушылар орыс, қазақ, татар халықы тағамдарымен, дайыдалу әдістерімен таныстырып, тағамдарды ұсынды. Жайылған дастархан жанында қыз тәрбиесі, отбасы әдептері туралы әңгіме қозғалды. Тәрбиешілер тарихтан, өз өмірлерінен мысалдар келтіріп, Алия Маратовна әжесінің айтқан татарша әндерін жырлады. Кеш өте қызықты, тәрбиелік мағынасы зор, қатысушылардың ризашылығына толды.