Бүгін 21 ақпан күні әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен колледжіміздің жас мамандары және олардың тәлімгерлерімен «Бірлескен жұмыс. Жас маманның қалыптасуының негізі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Мақсаты: Жас мамандарға бірлескен жұмыстың тиімділігін түсіндіру, педагогикалық әріптестік арқылы жүргізілетін бірлескен жұмыс жолдарын көрсету.

Семинарға оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Семинар-тренингте тәлімгерлер мен жас мамандардың бірлесе жұмыс жасап, қолдау көрсету жайында айтылды. Семинар барысында тәлімгерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты ойын ойнатылып, соңында арт-терапиямен қорытындыланды.

Семинар-тренингке колледжіміздің барлық жас мамандары мен олардың тәлімгерлері белсене қатысып, өз ой пікірлерімен алмасып, ұсыныстарын білдірді. Колледж басшының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары А.У. Кидришева жас мамандарға ақыл-кеңесін білдіріп, алдағы уақытқа сәттілік тіледі.