Алло, таланттыларды іздейміз!

Білім алушыларды  шығармашылыққа баулу, өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру және талантты студенттерді іздеу, тандау, оларға өздерің шындауға жағдау туғызу мақсаттылыққа, сенімділікке, жетістікке тәрбиелеу мақсатында қазанның 22 күні І курс студенті арасында  «Алло, таланттыларды іздейміз!» байқауы өтті.

Байқау келесі номинациялардан құралды:«Вокал — соло», «Вокалды  ансамбль»,«Би»,«Көркем сөз», «Сиқырлы қалам»,«Менің мамандығым» мамандық туралы бейнеролик, «Жүргізушілер».

Қатысушылар барлық номинациялар бойынша қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті. Әділқазылыққа Орал сервис және жаңа технологиялар колледжі ТЖО А.У.Старинец, Исмаилова Г.Н. төрешілік етіп, әділ бағаларын қойды.
Байқау қорытындысы бойынша І орын 29 топ, ІІ орын 14 топ студенттері, номинациялар бойынша «Үздік хор» 14 топ студенттері, «Вокал — соло» І орын 20 топ студенті Бек Айгерім, ІІІ орын 29 топ студенті Хамдуллин Айымбек, «Вокалды  ансамбль» І орын 30 топ, ІІ орын 14 топ, ІІІ орын 22 топ студенттері, «Би» І орын 16 топ, ІІ орын 30 топ,«Көркем сөз» І орын 2 топ студенті Адилова Кәусар, ІІ орын 29 топ студенті Садрединова Аягуз, «Жүргізушілер» І орын 29 топ студенттері Ибраев Кайрат, Қазиханқызы Гүлнар жеңімпаздар атанды.  Курс студенттері арасындағы өңерлілер аталған додада өз өнерлерің ортаға салып, жиналғандарға шатты  көңіл, ең тамаша туындыларын сыйлады.