Ағымдағы жылдың 3-4 ақпан күндері А. Иманов атындағы Жол көлік колледжінда Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру семинар практикумы өтті.

Article Image

Ағымдағы жылдың 3-4 ақпан күндері А. Иманов атындағы Жол көлік колледжі базасында техникалық жәге кәсіптік білім беру ұйымдарының жас инженер-педагогикалық қызметкерлерінің “Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» семинар-практикумы өтті. Семинар-практикумға Орал”Сервис” технологиялық колледжінің «Шаштараз өнері», «Тамақтандыруды ұйымдастыру»,«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша көрме жұмыстарының бұйымдары көрсетіліп ұйымдастырылды.

Мақсаты: жас инженер-педагог қызметкерлердің теориялық білімдерін жетілдіру және педагогикалық шеберлікті жоғарылатуда әдістемелік сүйемелдеу.

Аталған семинар-практикумда Орал “Сервис” технологиялық колледжінің жас мамандары Муратова Ж.Р., Ларионов Д.А. және Антонов А.А. қатысты.

Бағдарламаға сәйкес шебер сыныптар топтамасы, Карусель әдісі, пленарлық отырыстар өтті. Семинарда қатысушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.