Конференциялар, семинарлар

2022 жылдың ақпанның 14 күні әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен колледжіміздің жас мамандарымен «Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім…» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Мақсаты:Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. Жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;Қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою және біріктіру. Сенімділік және құрметтілік атмосферасын құру.

Семинарға оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Семинар-тренингте жас маманның мәселелерді шешу жолдары, кәсіби деңгейлікті қалай көтеру керек және қандай көмекті қажет ететіндігі жөнінде сұрақ-жауап тәсілі арқылы кері байланыс жасалды. Жас мамандармен  психологиялық, диагностикалық тест,  «Мюнстерберг» әдістемесі, «TeamBuilding немесе 1+1=5» бойынша «Қораптағы доптар», «Стакан мұнарасы», «Кедергілерден өту», «1-30 дейін» ойындар өткізіліп, соңында терапиямен (би) аяқталды.

Семинар-тренингке колледжіміздің барлық жас мамандары белсене қатысып, өз ой пікірлерімен алмасып, ұсыныстарын білдірді. Колледж басшысы Айгуль Бисенбаевна жас мамандарға ақыл-кеңесін білдіріп, алдағы уақытқа сәттілік тіледі.

Файлдар: