Мұғалімдерді аттестаттау
Қазақстанда «Білімді ұлт сапалы білім беру» жаңа ұлттық жобасы қабылданды. Жобаның басты міндеттерінің бірі жоғары білікті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады. Ал білікті педагог мамандарсыз сапалы дайындық мүмкін емес.
Педагогтің біліктілік санаты тәжірибе мен кәсіби шеберлігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Белгілі бір маманнның құзыреттілігін көрсетеді. Бұл – кәсіби қызметтің сапасын мойындау.
Бүгінгі таңда Орал «Сервис» технологиялық колледжінде аттестаттаудың жаңа форматы бойынша педагогтердің келесі санаттары бар:
Искалиева Айгуль Бисенбаевна – екінші санаттағы колледж басшысы;
Мамбетова Надежда Амангельдиевна – екінші санаттағы колледж басшысының орынбасары;
Жиналеева Дарига Салимовна – үшінші санаттағы колледж басшысының орынбасары;
«Педагог-шебер» – 2 педагог;
«Педагог-зерттеуші» – 12 педагог;
«Педагог-сарапшы» – 9 педагог;
«Педагог-модератор» – 4 педагог.
Әрбір педагогтың қажырлы еңбегі, мақсаты және шыдамдылығының арқасында колледж ұжымы алға нық қадам басып, барлық кедергілерді еңсере отырып, жаңа жетістіктерге қол жеткізері анық!