2021 жылдың 21 желтоқсан күні “Ақжайық адалдық алаңы” жобалық кеңсесімен Орал “Сервис” технологиялық колледжі студенттерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Article Image

Орал “Сервис” технологиялық колледжі студенттерімен тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

2021 жылдың 21 желтоқсан күні “Ақжайық адалдық алаңы” жобалық кеңсесімен Орал “Сервис” технологиялық колледжі студенттерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы талқыланды.

Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы мен практикасына басқаша зер салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық құқықтыры мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтырды қорғауға дайын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігі айтылды.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.