Жалпы ақпарат
Колледждің әдістемелік қызметінің мақсаты – Колледжде бәсекелестікке лайықты оқытудың жаңа инновациялық технологиясын пайдаланып, жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына біртұтас жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, білім сапасын көтеру.
Қазіргі уақытта педагогикалық ұжым бірыңғай әдістемелік тақырыппен жұмыс істеуде , Жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялардың интеграциясы арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Әдістемелік қызметтің міндеттері:
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жұмыстану;
- Инженер педагогтардың кәсіби құзыреттігін дамыту арқылы барлық бағытта жұмыс мазмұнын жетілдіру;
- Инженер педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің дамуын ақпараттық – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
- Педагогтердің білімін жетілдіруде оқу үдерісіне жаңашыл технологиялар мен оқытудың жаңа түрлерін енгізу;
- Шығармашылық семинарлар, тәжірибе алмасу, шығармашылық топтар жұмысы арқылы әдістемелік бірлестік жұмысының формасын арттыру;
- Педагогпен пен студенттің инновациялық және зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру;
- Жас мамандар мен тәлімгерлік мектебінің жұмысын жандандыру;
Колледжішілік чемпионат “WorldSkills OSTK 2022”
Бүгін, 12 мамыр колледж базасында “Аспаз ісі”, “Кондитерлік ісі”, “Сән технология”, “Шаштараз өнері” құзыреттілігі бойынша колледжішілік “WorldSkills OSTK 2022” чемпионатының жеңімпаздарын колледж басшысы А.Б.Искалиева дипломдар мен сертификаттармен марапаттады.
Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы өтетін өңірлік чемпионатқа сәттілік тілейміз!