Бүгін 4.03.2022 ж. күні “Beauty индустрияда заманауи технологияларды қолданудың өзектілігі мен мәселелері” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бүгін 4.03.2022 ж. күні “Beauty индустрияда заманауи технологияларды қолданудың өзектілігі мен мәселелері” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Орал “Сервис” технологиялық колледжі, Самара мемлекеттік сервистік технологиялар және дизайн колледжі, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі, Көкшетау Жоғары техникалық колледжі қатысты.
Конференция мақсаты: орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының beauty индустриясы саласында болашақ жұмысшы мамандарын даярлауды ұйымдастырудың тиімді тәжірибесін тарату және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудегі ынтымақтастық нысандарын дамыту.
Конференцияға қатысушылар белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен алмасты.