«Аспаз ісі» және «Киімді үлгілеу» құзіреттілігі бойынша кәсіби шеберліктің республикалық байқауының облыстық кезеңі
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Қызмет көрсету саласы «Аспаз ісі» және «Киімді үлгілеу» құзіреттілігі бойынша кәсіби шеберліктің республикалық байқауының облыстық кезеңі 13-14 қазан айының аралығында өтті. Байқау екі кезеңде өткізілді: теориялық және практикалық. Бірінші тестті қатысушылар сілтеме арқылы екі тілде тапсырды. Екінші кезеңде әр құзыреттілік төрт модульдан тұратын практикалық тапсырмаларды орындады.
«Аспаз ісі»: 1. Көкөніс езбе – көжесі. 2. Аскөк қосылған негізгі ет тағамы. 3. Дәмдеуіш қосылған ыстық балық тағамы. 4. Жаңғақ қосылған жеміс десерті.
«Киімді үлгілеу»: 1.Күлтелеу. 2.Эскиздеу. 3. Жобалау/Көйлекті модельдеу. 4. Көйлек тігу.
Облыстық кәсіби шеберлік байқауына Ақсай технологиялық колледжі, Шыңғырлау колледжі, Орал «Сервис» технологиялық колледжі, Бөкей Орда колледжі және «Сервис және жаңа технологиялар» колледжінің өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Сервис және жаңа технологиялар колледжінің базасында «Кондитер ісі» құзіреттілігі бойынша біздің өндірістік оқыту шеберіміз Абилова Ляззат Алибекқызы қатысты. Қатысушылар үшін келесі тапсырма болды. 1. Тест. 2. Кондитер өнімдері және шоколад. 3. Тарелкедегі десерт. 4. Модельдеу. 5. Бисквитті торт. Байқау нәтижесі 21 қазан күні салтанатты жабылуында айтылып марапатталады