Әдістемелік кеңес
2020 жылдың 29 тамызында Әдістемелік кеңес оздырылды. Кеңес мүшелерінен ашық дауысы арқылы бір ауыздан Бапенова Ж.О. хатшы болып сайланды. Кеңестін күн тәртібі бойынша сөзді Кеңестің төрағасы М.С. Нурмукашова алып, 2019-2020 оқу жылында атқарылған оқу- әдістемелік жұмысының есебі бойынша қанағаттанарлық деген баға берілді. Келесі сұрақ бойынша сөзді пәндік-циклдік комиссиясының төрағалары алды, олар өз ПЦК бойынша жұмыс оқу жоспарларын, тақырыптық – күнтізбелік жоспарларын, ашық сабақтар кестелерін, емтихан материалдарын қарауға және мақұлдауға, сонымен қатар, педагогтың жеке жоспарын оқу- әдістемелік кеңесте бекіту ұсынды. Келесі сұрақ бойынша педагог- қызметкерлерді аттестаттаудан өткізудің ережесін талқылау және аттестатталушы оқытушылардың дайындық жағдайы туралы сөзді М.С. Нурмукашова алды. Ол оқытушылардың жаздай Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындалғандары туралы айтып, портфолиоларын толықтырып, онлайн режимінде курстар өткендері жөнінде атап өтті.Сонымен қатар, пандемияға байланысты Ұлттық біліктілік тестілеуден өту уақыты нақты айтылған жоқ. Педагогтер мен студенттердің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы М.С.Нурмукашова айтып өтті. Өткен оқу жылы біздің педагогтер мен студенттер конференцияларға, жобаларға белсенді қатысты. Биылғы жылы да белсенді қатысуға шақырды. Келесі сұрақ бойынша сөз әдіскер А.М. Гумароваға берілді. Биылғы жылы біздін ұжымға жаңадан жас педагогтер қосылып жатқаны жөнінде, олардың барлығына тәжірибесі мол тәлімгерлер тағайындалғаны туралы айтып, «Жас педагог» мектебі жоспарын талқыға салып, бекіту жөнінде ұсыныс берді.
Әдістемелік кеңестін қорытындысы бойынша ұсынымдар мен қаулы қабылданды.
2020 жылдың 27 қарашасында Әдістемелік кеңес оздырылды. Білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін әзірлеу және сараптамадан өткізу мақсатында қысқы сессияға шығаратын сынақтар мен емтихандардың материалдарын пәндік-циклдік комиссиялардың торағалары ұсынды. Екінші сұрақ бойынша Кеңестің торағасы А.Б. Батыргалиева сөз алды. Оқу жылының басынан бері педагогтер өздерінің кәсіби біліктеріктерін арттыруда онлайн форматында өтіп жатырған көптеген шараларға қатысуда. Колледждің 19 педагогы инклюзивтік білім беру бойынша халықаралық онлайн-семинарға қатысты, сонымен қатар, онлайн форматта педагогтер және студенттер халықаралық, республикалық шараларға қатысып дипломдарға, сертификаттарға, куәліктерге ие болды. Дегенмен, кейбір пәндік-циклдік комиссиялар әлде де белсендік танытпай жүр. Ұсынылған оқу-әдістемелік кешендер және оқу- әдістемелік құралдар қарастырылып, БҚО ББ Білімді дамыту орталығына жолданды. Колледж басшысының орынбасарлары дайындық барысы туралы айтып, колледжді институционалды аккредиттеуден өтуге дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа белсенді қатысуға шақырды. Ағымдағы жұмыстар қаралды. Әдістемелік кеңестін қорытындысы бойынша ұсынымдармен қаулы қабылданды.