Тарихы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Орал «Сервис» технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – Батыс Қазақстан облысындағы қызмет көрсету саласы үшін мамандар даярлайтын оқу орындарының бірі. Қызмет көрсету саласының білікті мамандарға деген қажеттіліктері мен қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, колледж қазіргі қоғамның еңбек нарығында өзінің мәртебесін, өзектілігі мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.
Колледж миссиясы: Жаңа әлемдегі Қазақстан Республикасының экономикасы мен өндірістік әлеуетіңің деңгейін арттыра алатын, жоғары деңгейде теориялық және практикалық дағдылары бар, жеке сапаларға ие, бәсекеге қаблетті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандар даярлау.
Колледж тарихы ҚазақССР-інде тоқыма өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласының өркендеуінен басталады. Осы жылдары республиканың Батыс Қазақстан облысында қызмет көрсету саласы мен коммуналдық қызметтер үшін жаңа жас кадрларды даярлау қажеттілігі туындады. Үй шаруашылықтары, тұтынушылар үйлері, ательелер, шаштараздар және басқа да қала тұрғындары және ауылдық жерлерде де қызмет көрсету үшін мамандар қажет болды.
1960 жылы 15 тамызда облыста БҚО кәсіптік білім беру бөлімінің №54 шешімімен №12 қолөнер мектебі құрылды, ол халыққа қызмет көрсету саласында білікті кадрлар – тігіншілер, кескіштер, шаштараздар, фотограф дайындайтын мемлекеттік оқу орны болды.
60 жылдық тарихында колледж мәртебесін бірнеше рет өзгертті, бірақ көлемі мен мақсаты өзгеріссіз қалды – қызмет көрсету саласы үшін кадрлар даярлау:
– Кәсіптік білім бөлімінің №135 бұйрығымен №12 кәсіптік – техникалық училище №122 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі болып өзгертілді;
– Кәсіптік білім бөлімінің №151 бұйрығымен 01.11.1976ж. бастап №25 техникалық училищеге;
– Облыстық білім басқармасының №131 бұйрығымен 1985ж. 31.08. №2 орта кәсіптік лицейіне;
– Облыстық әкімшіліктің 30.11.1992 жылғы №50 бұйрығымен «Қыз-Жібек» оқу-өндірістік фирмасына;
– Облыстық білім басқармасының 25.04.1995 жылғы №77 бұйрығымен №2 Жоғары кәсіптік-техникалық мектепке;
– Облыстық білім басқармасының 05.12.1996 жылғы №443 бұйрығымен №2 кәсіптік лицейге;
– Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 1999 жылғы 14 қаңтардағы №173 қаулысы негізінде №2 кәсіптік лицейге;
– Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы №32 қаулысы негізінде №2 КЛ «Орал «Сервис» технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.
Орал «Сервис» технологиялық колледжі өзінің 60 жыл ішінде 30мыңнан астам жоғары білікті мамандарды дайындады. Бүгінгі таңда біздің түлектер еліміздің әр түкпірінде және жақын мен алыс шетелдерде жұмыс істейді: И.Захарова Бад-Ольдесио қаласында(Германия) сәндік-қолданбалы өнер өндірісімен айналысады, Петерсон Е. Варна қаласында (Болгария) тігін фабрикасында жұмыс істейді, С.Лобикованың Ганновер қаласында (Германия) өзінің тігін шеберханасы бар, Заживихина С., Шепель Е.- Мәскеу қаласында үлгілеуші-пішушілер, А.Большекова Отрадный қаласының (Ресей) ательесінде тігінші, Шугарт Т. Минск қаласының ательесінде тігінші, А. Таймановтың Алматыда ерлер киімін тігетін өзінің ательесі бар, А. Пактың Бішкек қаласында (Қырғыстан) шағын тігін цехы бар, Р.Мамедов Оралда аяқ киім тігу шебері, 2020 жылғы 8 түлек Оралдағы «Галактика» мейрамханасында жұмысқа орналасты.
Колледждің бұрынғы 35 түлегі: Жиналеева Д.С., Белова Г.Л., Лукашова И.Г., Брашева Г.С., Егорова О.Г., Пудовкина И.П., Сергазиева Б.Ж., Гумирова А.Е. және басқалары осы колледжде жұмыс жасайды.
Ұзақ жылдар бойы тұрақты шығармашылық топ жұмыс жасайды. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің 62,1% жоғары және бірінші санаттарға ие, 4 магистр бар.
Колледж техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру қызметіне 2013 жылғы 3 ақпандағы №13003158 лицензиясы негізінде негізгі және жалпы орта білім базасында келесі мамандықтар бойынша орта буын мамандарын және жұмысшы кадрларды дайындайды:
– 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»;
– 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»;
– 0506000 «Шаштараз өнері».
Колледж мемлекеттік аттестаттаудан 2000, 2005, 2010 жылдары өтті. Соңғы аттестаттау 2016 жылы өткізілді (Білім саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру саласындағы бақылау департаментінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №103 бұйрығы).
2020 жылдың желтоқсан айында колледж Тәуелсіз қазақстандық орталықтан Институционалды аккредиттеуден өтіп, 18.01.2021 ж. – 07.01.2026 ж. мерзіміне сертификат иеленді.
Орал «Сервис» технологиялық колледжі типтік кешен болып табылады, онда жатақхана, оқу ғимараты және қоғамдық-тұрмыстық ғимарат орналасқан. Колледждің оқу-әдістемелік базасы талаптарға сай, 14 оқу-өндірістік шеберханасы, 28 оқу кабинеті, оқу студиясы, оқу кафесі, 5 оқу зертханалары, медициналық кешен, 300 орындық жатақхана, акт және спорт залдары, 50 орындық кітапхана мен электронды оқу залы, 120 орындық асханадан тұрады. 2012 жылдан бастап колледжде оқу-тәрбие үдерісін басқару мен бақылау жүйесінің жүргізілуіне көмектесетін бейнебақылау жүйесі орнатылған. 90 камера, олардың ішінде 72 ішкі және 18 сыртқы камералар мониторинг жүргізу, оқу кабинеттері мен баспалдақ алаңдарын және т.б. бақылау мен басқаруға мүмкінідік беру үшін бір жүйеге (Nvsip программа) келтірілген. Пандемияға байланысты қашықтықтан оқытуға көшу барысында колледждің оқу-тәрбие үрдісіне College Smart Nation білім беру порталы енгізілді.
Колледж біліктілігі нарықта сұранысқа ие, түлектердің 78% жұмысқа орналастырылды. Білім алушыларды өндірістік оқыту практикаға қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыратын өзіміздің оқу-өндірістік шеберханаларымызда жүзеге асырылады.
Колледжде білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін 1993 жылы «Сән театры» эксперименталды зертханасы құрылды. «Сән театры» «Көктем айнасындағы сән», «Сән лабиринттері» халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы болды. Аға шебер И.Г. Лукашова “Тарихи костюм” және “Галактика” тақырыбында екі коллекция жасап, көрсетті. Жастар саясаты, спорт және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен Орынбор қаласында өткен “На Николаевской-2011 года” аймақаралық студенттік шығармашылық фестивалінде лицей командасы ІІ орынды иеленді (2011г.). Қазір коллекцияда 380-нен астам моделі бар.
Колледж оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік кешендер, оқулықтардың авторлары болып табылады. “Фолиант” баспасынан 3 оқулық шығарылды: “тістерді өндірістік оқыту негіздері” (әдістемелік құрал) (авторлары: Галиева Н.Х., Джумалиева К.К., Шмидт Н.А., Жиналеева Д. с.); “Калькуляция және есеп” (авторлары: Смолкина В. А., Шмидт Н.А., Шаймарданова А. Н.); “қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (авторлары: Галиева Н. Х., Джумалиева К. К., Шмидт Н. А., Жиналеева Д.С.).
Колледж «Үздік кәсіптік мектеп (лицей)» байқауында 2000, 2006 жылдары облыстық кезеңде 1 – орынды, ал республикалық кезеңде 3- орынды иеленді. 2017 жылы колледж ТжКБ оқу орындары арасында өткен «Үздік колледж – 2017» облыстық байқауда үшінші орынға ие болды.
Колледждің негізгі әәлеуметтік серіктестері – кәсіптік практика және одан әрі жұмысқа орналасу туралы меморандумдар мен келісімдер жасасқан қала кәсіпорындары: «Золушка», «Александр Техно Сервис», ЖШС «Мария» салоны, «Қымызхана» мейрамханасы, «Айя – WEPPING», «Швейник», ЖШС «Дева», ЖШС «Диана» Орал тігін фабрикасы, «Галактика» мейрамханасы және т.б.
«Орал «Сервис» технологиялық колледжі» МКҚК бірнеше жылдан бері Ресей Федерациясының Білім Министрлігімен (Саратов қ., Энгельс қ.) ынтымақтасып келеді. «Орал «Сервис» технологиялық колледжі» МКҚК және №34 кл (Энгельс қ., Ресей) мемлекеттік мекемесі арасында екі жақты шартқа қол қойылды. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде “Аспаз” мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Л. В.Савонина және студенттер Н. Королева, Р. Құрманғалиева Энгельс қаласында (Ресей) өткен кәсіби шеберлік байқауына қатысып, екі бірінші орынды және бір екінші орынды иеленді.
2019 жылы Актөбе сервис колледжі» МКҚМ (Актобе қ.), «Жеңіл өнер кәсіп жіне сервис колледжі» МКҚМ (Шымкент қ.) әріптестік серіктестікке меморандумдарға, И.Разаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетпен, политехникалық колледжбен халықаралық меморандумға қол қойылды.
Колледж оқытушылары мен білім алушылары конференцияларға, олимпиадаларға, байқаулар мен жарыстарға белсенді қатысады және жүлделі орындарға ие болады. Облыстық «Үздік педагог» байқауында 2015 жылы арнайы пән оқытушысы Давлетова Г.М. 3-орынды иеленді. 2013 жылы “Әдістемелік идеялар фестивалі” байқауында өндірістік оқыту шебері Кужакова Т. К. 1-орын, 2014 жылы арнайы пән оқытушысы Давлетова Г.М. 3-орын иеленді. “Өз мамандығының үздігі” облыстық байқауында “Аспаз” мамандығы бойынша 2013 жылы өндірістік оқыту шебері Р.М. Құрманғалиева III орынды, ал 2014 жылы өндірістік оқыту шебері А. М. Алемешева І орынды иеленді. Қазақ тілі мұғалімі А. Т. Сұлтанов облыстық “Үздік оқытушы” байқауында ІІІ орынды (2015ж.), республикалық А. Байтұрсынов атындағы оқытушылар арасындағы байқауда ІІ орынды (2018 ж) иеленді. 2019 жылы оқыту өндірістік шебері О.Өтегенов «Үздік өндірістік оқыту шебері» облыстық байқауында үшінші орынға ие болды. Колледж оқытушылары – WorldSkills Kazakhstan чемпионатының эксперттері.
Колледж студенттері аймақтық WorldSkills Kazakhstan чемпионатына «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Аспаз ісі», «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды: 2018 жылы ұлттық WordSkills Kazakhstan чемпионатында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Намазова Альфия чемпионат медальонымен марапатталды. 2019 жылы Карабалина Гульфат «WorldSkills Kazakhstan – 2019» V Ұлттық Чемпионатында «Сән технологиялары» құзыреті бойынша 1- орынды, Ташкенттегі Өзбекстанның 1-ші ашық чемпионатында 3-ші орынды иеленді.
Колледждің «Гранит» командасы 2019 жылы Астана қаласында өткен республикалық жарыста туризм бойынша 1 орынға ие болды.
В 2021 году колледж участвовал в Первом Национальном конкурсе дизайнеров одежды в стиле «Нью-фольклор» и получил номинацию «Лучшее видео о колледже», сертификат на бесплатное участие в Международном фестивале мод, который проходит в городе Ташкенте.
«Sanaly Urpaq» жобасы шеңберінде «Парасаттылық мектебі жұмыс жасайды. Колледжде 29 клуб пен үйірмелер, спорт секциялары, өзін-өзі юасқару кеңесі жұмыс жасайды. «Шапағат» еріктілер клубы 2020 жылы облыстық байқаудан 1-орын жеңіп алды.
Колледж педагогтері мен студенттері Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2019 жылы «Аялаған Алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Әйгерім» аула клубы, мәдени – ағарту ұйымының жұмысына белсене қатысып, «Әлем сұлу әйелмен» қалалық байқауын өткізуге көмек көрсетті. Колледждің хор ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған колледждер арасындағы байқаудың дипломанты атанды.