Инклюзивті топ студенттеріне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін ашу.
Бүкіл өркениетті әлемде қоғам жалпыадамзаттық адамгершілік пен әлеуметтік әділеттілік талабына сәйкес білім беруде балаларды кемсітуге жол берілмейтінін түсінді.
«Инклюзивті білім беру» ұғымы білім алу адамның негізгі құқығы және ол неғұрлым әділетті қоғамның негізін қалайды деген сенімнен дамыды. Барлық студенттердің жеке қасиеттері мен проблемаларына қарамастан білім алуға құқығы бар.
Дүниежүзілік қоғамдастық нәсілдік, этникалық, жыныстық, физикалық, психикалық және басқа да ерекшеліктерге қарамастан барлық адамдардың құқықтарының теңдігі қағидатын басшылыққа ала отырып, БҰҰ-ның халықаралық құқықтық актілерінде инклюзивті білім берудің негізгі принциптерін бекітті.
«Инклюзивті білім беру – кемсітушіліктің барлық түрлерін жойып, білім алушылардың және қоғамдастықтың әртүрлілігін, әртүрлі қажеттіліктері мен қабілеттерін, ерекшеліктері мен күтулерін ескере отырып, барлығына сапалы білім беруге бағытталған жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі» ( ЮНЕСКО 2008).