28.10.2021 ж жас ұстаздар арасында «Дебют» атты байқау өтті
28.10.2021ж жас ұстаздар арасында «Дебют» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты: педагогтарды шығармашылыққа баулу, өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру; өзіндік кәсіби көзқарасының дамуына, шығармашылығының шындалуына жағдау туғызу. Байқауға 9 сайыскер қатысты. Байқау 5 кезеңнен құралды: 1.«Менің педагогикалық кредом» таныстырылым, 2.«Үздік сыныптан тыс шара» үй тапсырмасы, 3.«Жас жетекші болу оңай ма » сөз шебері байқауы,4. «Бәріне дайынмын!» шығармашылық байқау, 5.Блиц-сұрақ. Қатысушылар әр турға жауапкершілікпен қарап, көрермендерді қызығушылыққа бөледі.Әділқазылар қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпазы химия пәні оқытушысы Муратова Жұлдызай Рақымжановна «Дебют» лентасы тағылып, жеңімпазы атанды. Қатысушыларға «Педагогикалық шеберлік», «Өз ісінің шебері», «Талантты», «Шығармашыл», «Білім берудегі үздік технологияларды колданушы» номинациялары табысталды.