⛹🏻♂️2023 жылдың 25 қаңтарында Орал «Сервис» технологиялық колледжі жастары мен №7 орта мектеп оқушылары арасында баскетболдан жолдастық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – баскетбол ойынының техникасын танымал ету және жетілдіру болды.
Достық кездесудің мақсаты: ✅1) Шығармашылық және дене қабілеттерін дамыту 2) Ерік-жігерге тәрбиелеу 3) Тәжірибе алмасу Жарыс жақсы деңгейде өтті. ✅Ойын 29:20 есебімен колледж студенттерінің пайдасына шешілді. Жастар мықты қарсыластарына өте риза болып, спорттық қуат пен жақсы көңілге ие болды. ✅Бұл ойында өздерін көрсеткен студенттер: 1курс – Аталық Мерей, Талапұлы Тамер (18 топ) 2курс – Досчанов Нурбол (15 топ) 3курс – Шакен Нұрдәулет (27 топ) 4курс – Шляпин Александр (9 топ)