«Діни экстремизммен күресу жолдары», «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіпті» тақырыптары аясында ашық тәрбие сағаттары өтті

ІІ курс студентері арасында «Діни экстремизммен күресу жолдары», «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіпті», «Профилактика экстремизма, терроризма», «Мы – против насилия»  тақырыптары аясында ашық тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты:студенттерге экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жағдайы жөнінде мағлұмат беру.Қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Тәрбие сағаты барысында бейнефильмдер көрсетілді, қатысушылар  пікіралысты, ойларымен бөлісті, жаднамалар таратылды.