Вакансия

На вакантные педагогические должности «Уральский технологический колледж» Сервис»
объявляет конкурс:

  1. СУРДОПЕДАГОГ — 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады; мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;   мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді; басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді; тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Жалақы ≈150000 тг

  • МАТЕМАТИКА ПӘНІ ОҚЫТУШЫСЫ (оқыту қазақ тілінде)  — 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады; білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді; оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті бейіні бойынша білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі талап етілмейді  және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог – зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін — 4 жыл.

Жалақы≈150000 тг

ҚАЖЕТТІ  ҚҰЖАТТАР  ТІЗІМІ:

1) ҚР БжҒМ 21.02.2012 ж. №57 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ м.а. 30.10.2020 ж. №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама (e-gov арқылы);

8) наркологиялық ұйымнан анықтама (e-gov арқылы);

9) сыбайлас жемқорлық қылмыс жоқтығы туралы анықтама (e-gov арқылы);

10) қылмыстық құқық бұзушылық жасамағаны туралы анықтама (e-gov арқылы);

11) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

12) ҚР БжҒМ 21.02.2012 ж. №57 бұйрығына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

13) вакцинация паспорты.

Қажетті құжаттар  хабарландыру шыққан  соң 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:
Құжат қабылдау  күні: 2022 жылдың 27 қазаны күні сағат 9.00-ден бастап 4 қараша күні сағат 18.00-де аяқталады.
Орал қаласы Циолковский көшесі 2б
Телефон 23-31-48, 87475991378,  e-mail: pl2zko@mail.ru