Бос орын
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқарсымасының
«Орал «Сервис» технологиялық колледжі» МКҚК
азаматтық қызметшілердің бос лауазымына конкурс жариялайды:
- ӘДІСКЕР— 1 бірлік.
Лауазымдық міндеттері:оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және талдайды; озық педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және енгізу бойынша пәндік-әдістемелік юірлестіктердің жұмысын үйлестіреді; оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау жұмыс құжаттамасын жасауға қатысады; педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады; педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі; оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын, конференцияларды, семинарларды дайындауға және өткізуге қатысады; ашық сабақтар өткізуді және оларды талқылауды ұйымдастырады; белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген болуы тиіс, тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім; Техникалық және білім беру ұйымдарындағы әдіскер ретіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 6 жыл; педагог-шебер үшін – 7 жыл. Жалақы ≈ 145806 тг
- СУРДОПЕДАГОГ — 1 бірлік.
Лауазымдық міндеттері: ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады; мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады; мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді; басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді; тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Жалақы ≈150000 тг
- Хореограф
Лауазымдық міндеттері: Би ұжымдарының қатысуымен биге үйретуді, би қоюды және би құруды жүзеге асырады. Жаңа қойылымдарды қою және бұрын қойылған концерттік бағдарламаларды жаңғырту, конкурстарды дайындау және өткізу бойынша жұмыс жүргізеді. Хореографиялық қойылымдармен айналысатын студенттермен жеке сабақтар, репетициялар өткізеді. «Сән театрына» қатысушыларды сахна мәдениеті, подиумда жүруге әзірлейді. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді. Студенттердің музыкалық және хореографиялық қабілеттері мен эмоционалдық саласын, шығармашылық қызметін дамытуды жүзеге асырады. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген болуы тиіс, «Хореографиялық өнер» бағыты бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім; хореографиялық ұжымда кемінде 3 жыл өтілі болуы керек.
Жалақы ≈115000 тг
Қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- білімі, біліктілігі туралы құжаттар көшірмесі;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ м.а. 30.10.2020 ж. №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама (e-gov арқылы);
- наркологиялық ұйымнан анықтама (e-gov арқылы);
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жоқтығы туралы анықтама (e-gov арқылы);
- қылмыстық құқық бұзушылық жасамағаны туралы анықтама (e-gov арқылы);
- вакцинациялау паспорты;
- педагог лауазым үшін — Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
- педагог лауазым үшін — ҚР БжҒМ 21.02.2012 ж. №57 бұйрығына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсына алады.
Конкурс азаматтық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау ережесіне сәйкес өткізіледі. Қажетті құжаттар хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:
090000, ҚР, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Циолковский көшесі, 2б.
Құжат қабылдау күні: 2022 жылдың 24 қарашасынан бастап 15 жұмыс күні
Конкурс өтетін күні: 2022 жылдың 9 желтоқсаны сағат 15.00
Конкурс өтетін орын: Орал «Сервис» технологиялық колледжінің кітапханасы
Анықтама телефоны: 23-31-38, 23-39-00, сот: 87771834164.
Эл.почта: pl2zko@mail.ru
1)Кадр бөлімінің меңгерушісі -1 бірлік.
Лауазымдық міндеттері: еңбек туралы заңнамаға, сондай-ақ кадрлар жұмысына қатысты тәртібіне, нұсқаулықтарға, және өзге де басшылыққа алатын материалдарға сәйкес жұмысшыларды қабылдау, ауыстыру мен жұмыстан босатуды уақытында ресімдеуді, жеке құрамның есебін, кадрлар жөніндегі белгіленген құжаттаманы жүргізу мен сақтау қамтамасыз етеді, ұйым қызметкерлерінің еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін сақтауын бақылауды ұйымдастырады т.б.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кадрларды басқаруды ұйымдастыру бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі. Жалақысы-127143 теңге.
2)Программалық жабдық бойынша маман -1 бірлік.
Лауазымдық міндеттері: Фотоғатүсіру және өңдеу, дайын бейнелерді уақытында жеткізу, дизайн өндірісі, жабдықты күту, баспа өнімдерін: таратпа буклеттер, плакаттар, сыртқы жарнама, стенд, дипломдар, сертификаттар, визиткалар т.б. жасақтау. Adobe Premire Pro/Adobe Photoshop, CorelDraw бағдарламаны қолдану дағдылары болуы. Графикалық бағдарламалық қамтамасыз етумен жылдам жұмыс істеу мүмкіндігі. Төмен вольтты кабельдерді (UTP, оптикалық кабель), кабель жолдарын (кабельдік өткізгіштер, науалар) дұрыс және сауатты орнату. Байланыс желілерін диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, қалпына келтіру (сигналдың жоғалуы, зақымдануы). Колледждің компьютерлік жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, кеңес беру және техникалық қолдау көрсету, жүйелік блоктарды диагностикалау және жөндеу.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтілі мамандық бойынша 3 жылдан кем емес. Жалақысы-113 734 теңге.
Қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- білімі, біліктілігі туралы құжаттар көшірмесі;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ м.а. 30.10.2020 ж. №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама (e-gov арқылы);
- наркологиялық ұйымнан анықтама (e-gov арқылы);
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жоқтығы туралы анықтама (e-gov арқылы);
- қылмыстық құқық бұзушылық жасамағаны туралы анықтама (e-gov арқылы);
- вакцинациялау паспорты.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсына алады.
Конкурс азаматтық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау ережесіне сәйкес өткізіледі. Қажетті құжаттар хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:
090000, ҚР, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Циолковский көшесі, 2б.
Құжат қабылдау күні: 2022 жылдың 9 қарашасынан бастап 15 күн
Конкурс өтетін күні: 2022 жылдың 24 қарашасы сағат 15.00
Конкурс өтетін орын: Орал «Сервис» технологиялық колледжінің кітапханасы
Анықтама телефоны: 23-31-38, 23-39-00, сот: 87475991378.
Эл.почта: pl2zko@mail.ru