Вакансия
Орал «Сервис» технологиялық колледжі педагогтердің бос лауазымына конкурс жариялайды:
- Комендант — 1 бірлік. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Жалақысы — 85 000 теңге.
Лауазымдық міндеттері: ғимараттарды, сондай-ақ оларға қатысты құрылыстар мен қоршаған аумақты тиісті дәрежеде ұстау жөніндегі жұмыстарды басқарады; ғимараттардың ішкі жайларын жинап-тазалауды ұйымдастырады және тазалықтың сақталуын қадағалайды; ғимарат жайларын күзгі-қысқы пайдалануға дайындайды; есіктердің, терезелердің, құлыптардың, перделердің және тағы сол сияқты уақтылы жөнделуін ұйымдастырады; өзінің қарамағындағы мүліктің сақталуын және жұмыс істейтін қалыпта ұсталуын қамтамасыз етеді; қолдағы мүлікті есепке алады, мезгіл-мезгіл тексереді және оны есептен шығару жөнінде актілер жасайды; көмекші жұмысшылар мен үй жинаушыларға мүкаммал, шаруашылық қызметін көрсету бұйымдарын алады, оларды береді және тиісті жедел есепке алуды жүзеге асырады; санитарлық талаптардың және өрт қауіпсіздігі тәртібіны орындалуын бақылайды; санитарлық және өртті қадағалау жазбаларының кітабын жүргізедіі.
- Хореограф – 0,5 бірлік. Біліктілікке қойылатын талаптар: қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген болуы тиіс, «Хореографиялық өнер» бағыты бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім; хореографиялық ұжымда кемінде 3 жыл өтілі болуы керек. Жалақысы — 85 000 теңге.
Лауазымдық міндеттері: Би ұжымдарының қатысуымен биге үйретуді, би қоюды және би құруды жүзеге асырады. Жаңа қойылымдарды қою және бұрын қойылған концерттік бағдарламаларды жаңғырту, конкурстарды дайындау және өткізу бойынша жұмыс жүргізеді. Хореографиялық қойылымдармен айналысатын студенттермен жеке сабақтар, репетициялар өткізеді. «Сән театрына» қатысушыларды сахна мәдениеті, подиумда жүруге әзірлейді. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді. Студенттердің музыкалық және хореографиялық қабілеттері мен эмоционалдық саласын, шығармашылық қызметін дамытуды жүзеге асырады. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
- Математика пәні оқытушысы – 492 сағат. Орыс тілде.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды. Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл, педагог – шебер үшін-5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
- оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
- білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
- оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Жалақысы — 183 000 теңге.
Жалақы жұмыс өтіліне байланысты жарнамада көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы (орыс тілде) — 1 бірлік (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезеңінде).
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім; сәйкес салада кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды; біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
- оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
- білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
- оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Жалақысы — 183 000 теңге.
Жалақы жұмыс өтіліне байланысты жарнамада көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері (оқыту қазақ, орыс тілдерінде) – 2 бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім; сәйкес салада кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды; біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
- өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;
- сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;
- еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;
- білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;
- топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
- оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
- технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;
- оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады;
- білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;
- қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Жалақысы – 150 000-170 000 теңге.
Жалақы жұмыс өтіліне байланысты жарнамада көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Қажетті құжаттар тізімі:
- қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе
- педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Тізімде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурс мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагаог лауазымына тағайындау туралы ережесіне сәйкес өткізіледі. Қажетті құжаттар хабарландыру шыққан соң 7 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:
090000, ҚР, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Циолковский көшесі, 2б.
Құжат қабылдау күні: 2024 жылдың 16 тамыздан 26 тамызға дейін.
Конкурс өтетін күні: 2024 жыл 29 тамыз
Анықтама телефоны: 23-31-38, 23-39-00, сот: 8 707 345 41 29
Эл.почта: pl2zko@mail.ru