Қызмет көрсету құзыреттілік орталығының ашылу рәсімі

2022 жылдың 4 мамырында Орал «Сервис» технологиялық колледжі жанынан Қызмет көрсету құзыреттілік орталығының ашылу рәсімі өтті.📌Ашылу рәсімін колледж фойесінде колледж басшысы Искалиева А.Б. бастап, құттықтау сөз БҚО Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы маманы Ж.С.Кармановаға берілді.📌Орталықтың ашылу рәсімін колледж ардагері Н.Х.Галиева мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облысы ұйымы төрағасы М.О.Даупаев өткізді.📌«Жас Маман» жобасы аясында Орал «Сервис» технологиялық колледжі 2021 жылы «Тігінші» және «Аспаз» біліктіліктері бойынша заманауи құрал-жабдықтарды сатып алынды.📌 Worldskills форматында кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін Қызмет көрсету құзыреттілік орталығында 6 оқу шеберханасы мен 3 оқу кабинеті қайта жабдықталды.📌 «Жас Маман» жобасы аясында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері жабдықтарды пайдалану бойынша білімдерін жетілдіріп, біліктілікті арттыру курстарынан өтті.📌Оқу үдерісіне Soprano Group компаниясымен Финляндияның халықаралық стандарттары бойынша әзірленген кредиттік-модульдік технология негізінде бейімделген білім беру бағдарламалары енгізіліп, 100 студент білім алуда.📌«Шаштараз өнері», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтарының көрмелері көрсетілді.«Сән театры» клубы студенттері колледж қабырғасында тігілген ұлттық киім үлгілері коллекциясымен 1 этаждан бастап «Компьютерлік кестелеу» кабинетіне дейін қарсылады.📌Компьютерлік кестелеу кабинетінде 5 топ студенттері мен арнайы пән оқытушысы Пак Н. өндірістік кестелеу машиналарымен жасалған бұйымдарды және компьютерде кестелеу жұмыстарымен таныстырды.📌Тігін шеберханаларында аға шебер Лукашова И.Г. мен 20,3,19 топ студенттері киімді құрастыру, модельдеу, лекало тұрғызу жұмыстарын, балаларға арналған қазақ ұлты киімдерінің тігілу процесін демонстрациялады.