Ұлы достық мұрасы

18 қазан –рухани келісім мерекесіне орай Орал «Сервис» технологиялық колледжінде «Ұлы достық мұрасы» атты танымдық кеш өтті. Кешке БҚО ҚХАФ әтномәдени және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Тоболева И.А., колледж ардагерлері, педагогтары мен студенттері қатысты.

Мақсаты: ұлы достықты насихаттау, елімізде мекендейтін ұлт өкілдері, конфенссиялары тарихтарымен, жұмыстарымен танысу, рухани келісім жолдарын насихаттау, достық, мейірімділік, қайырымдылық, қасиеттерді студенттер бойына қалыптастыру. Шараға колледжде оқитын өзге ұлт өкілдері студенттері, педагогтар қатысты. Шара барысында психолог А.А.Мостовщикова «Шаңырақ» тренингісін, С.С.Балмаш «Рухани келісім- достық кепілі» тақырыбында танымдық ақпарат берді.

Колледжде оқитын азербайжан өкілі Бекесова Н бастауыш сыныптан қазақ тілінде отан, достық туралы өлең шығаратыны туралы әңгімелеп, «Тәуелсіздік» атты өлеңін оқыды. Шешен өкілі Чадаева А «Лезгинка»  мен  украин өкілі Шайфутдинова Рената әдемі биімен, венгер өкілі Хорн Илонна, Головко Мария, Воржакова Лейла достық, рухани келісім туралы өз ойларымен бөлісті. Шара соңында «Достық гүліне»  қатысушылар тілектерін қалдырды. Шараға қатысқан әтномәдени және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Тоболева И.А. ұйымдастырушыларға шара жөғары деңгейде өткенін айтыып, ризашылығын білдірді.