Тәуелсіздік – Бабалар аманаты

Батыс Қазақстан облысы білім беруді дамыту орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Тәуелсіздік – Бабалар аманаты» IV  облыстық фестивалі аясында «Жетістіктер дефилесі» облыстық виртуалды байқауы 2021 жылдың қыркүйек – қазан айларында өткен болатын.

Байқаудың мақсаты: Кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибелерімен өзара бөлісуіне қолдау көрсету, педагогикалық озат тәжірбие алмасу алаңын құру және әдістемелік жұмыстарды жандандыру, эксперттеу және анықтау, жаңа идеялар мен жаңалықтарды енгізілуіне ықпал ету болып табылады.

Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, басшының оқу жұмысы жөніндегі, оқу- өндірістік жұмысы   жөніндегі, тәрбие жұмысы жөніндегі, ғылыми және оқу -әдістемелік  жұмысы жөніндегі орынбасарлары және  әдіскерлері қатысты. Байқау II  турдан тұрды,оған 16 білім беру ұйымы қатысты. Байқау  қорытындысы бойынша Орал «Сервис» технологиялық колледжі  III орын иеленді.